Атырау облысында 9-сынып оқушысының әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысында 9-сынып оқушысының әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Атырау облысындп тоғызыншы сынып оқушысының ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жасөспірім анонимді Telegram арна құрып, 21 сәуірде Индер ауданындағы мектептерде террористік акті жасалатыны туралы хабарлама жариялаған. Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған.

Қазіргі уақытта оның осындай басқа да Telegram-арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, бұған дейін полиция Астана мектептерінде терроризм болатыны туралы жазбаға пікір білдірді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова