Қазақстанның екі өңірінде су тасқынына байланысты жолдар жабылды

Қазақстанның екі өңірінде су тасқынына байланысты жолдар жабылды
Фото: Tengrinews.kz

"ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметі Қазақстанның екі өңірінде су тасқынына байланысты жолдар жабылғанын хабарлады.

Көлік қозғалысы Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектелді. 

Қостанай облысы

2024 жылғы 23 сәуірде сағат 18:15-те еріген қар суының салдарынан "Екатеринбург-Алматы" автомобиль жолының 686-729 шақырымының (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы учаскесі) жүру бөлігін су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Солтүстік Қазақстан облысы

2024 жылғы 23 сәуірде сағат 18:15-те Қостанай облысынан еріген қар суының өтуіне байланысты "Екатеринбург-Алматы" автомобиль жолының 729-768 шақырымы аралығында (Қостанай облысының шекарасы - Тоқсан би ауылының учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан