Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйде ұсталды

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйде ұсталды
Фото: depositphotos.com

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін БАҚ-та Air Astana әуекомпаниясының екінші ұшқышы Алматы халықаралық әуежайында ішкі рейстерді жөнелту аймағында ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Тергеушілердің мәліметінше, 31 жастағы ер адам есірткі пайдаланып, сақтаған.

Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі ақпаратты растады. 23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшаққа мінген ұшқыш есірткіге мас күйде ұсталғаны хабарланды. Полицейлер соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, ал қызметкердің өзі жұмыстан шеттетілген.

"Әуекомпания қызметкерлердің алкоголь немесе есірткі пайдалануына қарсы, өйткені ұшу қауіпсіздігі - біздің басымдығымыз. Әуекомпанияда экипаж құрамының қанында алкоголь немесе есірткі заттары бар-жоғына тұрақты негізде тексеріс жүргізіледі", - деді компанияның баспасөз қызметі өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова