Үнемі әлсіз әрі шаршаңқы болып жүресіз бе? Дәрігер мұның тосын себебін атады

Үнемі әлсіз әрі шаршаңқы болып жүресіз бе? Дәрігер мұның тосын себебін атады
Фото: depositphotos.com

Ағзаға белгілі бір мөлшерде су жетіспеуі шаршау мен әлсіздіктің себептерінің бірі болуы мүмкін. Бұл туралы терапевт, хирург Зоуи Уильямс айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Су тағамды қорытуға көмектеседі, бұлшықеттер мен буындарға оң әсер етеді. Бұл мидың қалыпты жұмыс істеуі үшін де қажет", - деді ол.

Ағзаға көп мөлшерде су жетіспесе, қатты бас айналу және әлсіздік пайда болуы мүмкін. Тіпті адам естен танып қалуы мүмкін, оған қоса жүрек соғысы жиілеп, ұйқышыл болады. Маман мұндай жағдайларда дәрігерлердің жедел көмегі қажет екенін ескертті.

Сондай-ақ, дегидратация зәр шығару проблемаларына байланысты болуы мүмкін. Ал бұл қант диабеті мен обырдың бір симптомы саналады. Дәрігер дегидратация егде жастағы адамдарда жиі кездесетінін айтты, өйткені олардың шөлге деген төзімділігі өзгереді , сонымен қатар, бүйрек жұмысында проблемалары пайда болады.

Еске салайық, бұған дейін мамандар көктемгі әлсіздікті жеңудің және энергия қорын толтырудың 5 әдісін ұсынды.

1. Мәзіріңізге жемістер мен көкөністерді қосыңыз

2. Дәрумендер ішіңіз

3. Таза ауада көбірек уақыт өткізіңіз

4. Физикалық жағынан белсенді болыңыз

5. Мүмкіндік болса, үзіліс алып, жақындарыңызбен уақыт өткізіңіз

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова