СҚО-да тұншықтырғыш газдан әйел мен оның сегіз баласы зардап шекті

СҚО-да тұншықтырғыш газдан әйел мен оның сегіз баласы зардап шекті
Фото: Tengrinews.kz

Солтүстік Қазақстан облысында бір әйел сегіз баласымен газдан уланып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 25 сәуір күні сағат 11:00-де Айыртау ауданында аудандық ауруханаға тұншықтырғыш газдан уланып, науқастардың түскенін хабарлады.

"Бұл хабарлама ақпараттық кітапта тіркелген", - деп хабарлады департамент.
 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі төтенше жағдай Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Антоновка ауылында болғанын хабарлады.

"Жеке үйде бір отбасының мүшелері көмірқышқыл газынан уланып, аудандық ауруханаға: 1990 жылы туған әйел мен оның 2009, 2011, 2012 (егіз), 2015, 2016, 2017 және 2018 жылы туған кәмелетке толмаған сегіз баласы жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың барлығы қатты отынмен жұмыс істейтін пешті қолдану ережелерін бұзу, дәлірек айтқанда, пештің қақпағын мерзімінен бұрын жабу салдарынан уланған", - деп хабарлады ТЖД.

Отбасы 23 сәуірде өз үйінде жөндеу жұмыстары кезінде төтенше жағдай болған үйге көшкен. ТЖ департаменті отбасының негізгі тұрғылықты мекенжайы бойынша қызметкерлер өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамалар тапсыра отырып, ауланы аралап қана қоймай, сонымен қатар осы жылдың 23 қаңтарында тіпті үйде көміртегі тотығы датчигін орнатқанын атап өтті.

"Отбасы мүшелерімен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілді", - деді құтқарушылар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бес бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

"Әйел терапевтік бөлімге жатқызылды. Жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Үш бала балалар бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты. Бес баланың жағдайы ауыр, аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Сайлау.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан