Атырауда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

Атырауда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады
Фото: atpress.kz

Атырауда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Жол апатынан бір адам зардап шекті, ол облыстық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бүгін сағат 10:15-те Құрманғазы көшесі мен Сұлтан Бейбарыс даңғылының қиылысында Daewoo Bus және Hyundai Accent көліктері соқтығысты.

№22 бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан