Әбдіжаппар Әлқожа екі ағасына су жаңа қос көлік сыйлады

Әбдіжаппар Әлқожа екі ағасына су жаңа қос көлік сыйлады
Фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha/

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа екі ағасына су жаңа қос көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

"Ассалаумағалейкүм ардақты ағайын, бүгінгі той құтты болсын.
Менің бала кезімде бізге қамқорлық жасап, мен қанша ауырсам да иығына көтеріп, ауылда өссем де менің үлкен тауым бар екенін білетінмін. Аман келді десем қуанып, 83-ші жылғы Аман десе, "мен соның інісімін" деп өскенмін. Ал өнерде "Розаның інісімін" деп жүрмін. Мен ағама шынайы көңіліммен табыстағым келетін сыйым бар. Арнайы бауырларының атынан, өзімнің атымнан. "Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер" дейді. Көлік құтты болсын.

Менің екі ағам бар. Ағам мені студент кезімде көтермелеп, өзі 80 мың теңге айлық алса да, мені қалдырмады", - дейді әнші видеода.

Сондай-ақ, ол жүктеген видеоның астына жазба қалдырған.  

"Мейірімсіз баладан,
Маңырап жүрген мал артық.
Тәртіпсіз өскен баладан!
тәртіппен өскен тал артық демеушіме еді дана қазақ.
Аллаға шүкір,менің екі ағам бар.
Анам бізді мейіріммен өсірген,әкем бізді тәрбие,тәртіппен өсірген.
Осылай болу керек шығар деп шештім.
Бүгін әулетімізде үлкен той!
Сол тойдан бір бейне.
Жүрек біраз толқыды!
Шынайы эмоция", - деп жазған ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Есiм хан қатаған тайпасын неге жазалады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә