Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді
Фото: Tengrinews.kz архивінен

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 27 сәуірде Астана уақыты бойынша 07:44-те тіркеді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,7. MPV магнитудасы - 4,0", - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек