Техаста жүк көлігінен 46 адам өлі табылды

Техаста жүк көлігінен 46 адам өлі табылды
Фото: reuters.com

Дүйсенбіде Техастың Сан-Антонио қаласындағы жүк көлігінен 46 мигранттың денесі табылды. Бұл туралы қала билігі айтқан, - деп хабарлайды Reuters.com.

Басылым мәліметінше, Сан-Антонио өрт сөндіру қызметінің өкілі қаланың шалғай ауданында орналасқан теміржол жолы маңындағы жүк көлігінен адамдар өлі табылғанын айтқан.

Жүк көлігінің тіркемесінің ішінен табылған он алты адам ауруханаларға жеткізілген, оның ішінде төрт кәмелетке толмаған бала болған. Ведомство мәліметінше, қайтыс болғандар арасында балалар болмаған.

"Бұл тіркемесі бар трактор болды, бірақ онда жұмыс істейтін кондиционер болмады", - дейді Сан-Антонио өрт сөндіру бөлімінің бастығы.

Мексика шекарасынан шамамен 250 шақырым жерде орналасқан Сан-Антониодағы температура дүйсенбіде 39,4 градусқа дейін көтерілген.

Басылым мәліметінше, бұл қаладағы ең үлкен оқиға екен, оқиғадан кейін үш адам ұсталған, бірақ олардың қатысы бар-жоғы әлі белгісіз.

Ж. Қадыржанова