Атырауда із-түзсіз жоғалған 12 жастағы қыз табылды

Атырауда із-түзсіз жоғалған 12 жастағы қыз табылды

Атырауда із-түзсіз жоғалған 12 жастағы қыз екі күннен кейін аман-есен табылды, - деп хабарлады "Мой ГОРОД" басылымы. 

"2010 жылы туған жасөспірім 27 маусым сағат 19:00-де үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Ата-анасы 28 маусымда сағат 15:00-де полицияға хабар берген. Жоғалған қыз 29 маусымда 18:00-де табылды", - дейді полицейлер.

Жасөспірім құрбыларының үйінде болғанын айтқан. Бірақ ата-анасына ескертпеген.

Еске салайық, Атырауда 27 маусымда үйінен шығып кеткен қыз табылмай жатқаны хабарланған болатын. Әлеуметтік желіде оның көшеде кетіп бара жатқан видеосы да тарады.

Г. Досымшалова