1 шілдеден бастап ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді

1 шілдеден бастап ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді

1 шілдеден бастап ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндерін қоспағанда, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмыс күндері олардың жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады -9.00-ден 20.00-ге дейін. ХҚКО-ның қалған бөлімдері дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін стандартты кесте бойынша жұмысын жалғастырады.

Қазақстандықтар сондай-ақ "ХҚКО" қосымшасы арқылы, бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egov mobile қосымшасы арқылы ХҚКО-ға кезекті алдын ала броньдай алады.

Жаңа жұмыс кестесі Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының тиімділігін арттырады.

Кезекші ХҚКО-лар тек облыс орталықтарында ғана бар. Ұлытау және Жетісу облыстарында олар кейінірек анықталады.

Г. Досымшалова