Қызылордада 19 адамды алдап соққан алаяқ қамауға алынды

Қызылордада 19 адамды алдап соққан алаяқ қамауға алынды
Фото: РИА Новости

Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беретінін айтып, 19 адамды алдаған азаматша ұсталды, - деп хабарлайды polisia.kz сайты.

Телеарна мәліметінше, Қызылорда қаласы полиция басқармасына облыс орталығының 19 тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданған. Күдікті қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп уәде берген. Алайда арада жыл өтсе де ешкім баспана алмаған. Жәбірленушілердің ақшасын да қайтармаған. Келтірілген шығын 20 миллион теңге.

"Полиция қызметкерлері тексеру жұмысын жүргізді. Күдікті ретінде 32 жастағы азаматша ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1,3,4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр", - деді Қызылорда облыстық полиция депараментінен.

Г. Досымшалова