Қостанай облысында 5 жасар қыз өлі табылған жерден видео жарияланды

Қостанай облысында 5 жасар қыз өлі табылған жерден видео жарияланды

"Наша Газета" басылымының Instagram-парақшасында төрт күн іздестірілген бес жасар Мәдина Ерланқызының мәйіті табылған жерден кадрлар жарияланды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

"Мұнда барлығын қоршап тастаған, тұрғындарды шығарып жатыр. Ана көлік тұрған жерден табылды", - дейді видео авторы. Бұл еріктілердің бірі болса керек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Наша Газета|Новости| Kostanay (@ng.kz_)

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында 7 тамызда үйінен шығып кеткен 5 жасар қыз іздестіріліп жатқаны хабарланған. Мәдина кеше, 10 тамызда өлі табылды. Іздеу жұмыстарына 500-ден аса полицей, тікұшақтар, сондай-ақ Ұлттық ұлан мен шекарадағы әскери қызметкерлер жұмылдырылды.

Мыңдаған адам қызды Жамбыл ауылына іргелес егістік алқаптардан іздеді.

Бес жасар Мәдина Ерланқызын іздеу шаралары аясында егістік алқаптың әр жеріне су мен тамақ байланған шарлар қалдыру жөнінде шешім қабылданды.

Г. Досымшалова