Ақтауда жарылған көліктің видеосы тарады

Ақтауда жарылған көліктің видеосы тарады

Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті, - деп хабарлайды lada.kz сайты.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ақтау-Жетібай трассасынан 35 шақырым қашықтықта болған.

1995 жылғы Nissan Maxima көлігінен өрт шыққаны туралы хабар 12 тамыз күні 20-23-те түскен.

"Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 20:58-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге бір техника мен бес адам жұмылдырылды. Оттың шығу себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Г. Досымшалова