"ВКонтакте" және Mail.ru қосымшалары App Store-дан жойылды

"ВКонтакте" және Mail.ru қосымшалары App Store-дан жойылды
Фото: ВКонтакте

VK компаниясы Apple-дың шешімі бойынша App Store-дан өз қосымшаларының жойылғанын растады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дүйсенбіде VK қосымшалары, соның ішінде VK Play, "VK музыкасы", "VK клиптері" және "VK мессенджері", VK Play және "VK Admin", сондай-ақ, "Mail.ru поштасы" және "Mail.ru облако" App Store-дан табылмады.

"VK Apple компаниясы бірнеше қосымшасын бұғаттағанын растайды, олар қазір App Store-да жоқ. Пайдаланушылардың смартфондарында орнатылған VK қосымшалары әдеттегідей жұмысын жалғастырады", - делінген хабарламада.

"ВКонтакте" баспасөз қызметі мәліметінше, VK Apple компаниясына App Store-дан компанияның бірнеше қосымшаның бұғатталуына байланысты түсініктеме беру туралы өтініш жіберді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек