Лифт күтіп тұрған тұрғындар сұмдық жайттың куәсі болды

Лифт күтіп тұрған тұрғындар сұмдық жайттың куәсі болды
Фото: Видеодан алынған кадр

Павлодарлық тұрғын көпқабатты үйдің лифтісінде дәрет сындырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл Павлодар өңірінің 5091 тұрғыны абаттандыру мен тазалық туралы заңнаманы бұзған, олардың әрқайсысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Абаттандыру ережелерін бұзу дерегі Ломов көшесіндегі көппәтерлі үйде болды. Үйдің тұрғыны лифтіге дәрет сындырған ер адамды анықтады. Тұрғын қоғамдық тәртіпбұзушыны үйрету үшін үйден бір шелек су мен шүберек алып, ер адамнан өз артын жинап кетуді өтінді. Сонымен қатар, үй тұрғыны "102" нөміріне қоңырау шалып, полицейлерге бұл туралы хабарлады.

Құқықбұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ер адам өзінің асығыс әрекетін досына қонаққа келгенімен түсіндірді, бірақ ол үйде болмаған, ал төмен түсіп бара жатқанда этикалық ережелерді бұзды. Ол оқиға орнынан тез арада жасырынғысы келген. Алайда лифтті күтіп тұрған көпқабатты үйдің тұрғындары бұл теріс қылықтың куәсі болды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек