Патшайым II Елизаветаның өлім себебі жарияланды

Патшайым II Елизаветаның өлім себебі жарияланды

II Елизаветаның өліміне жасы ұлғайғандығы себеп болды, - деп хабарлайды Euronews сайты.

Патшайым Шотландияның Балморал сарайында 8 қыркүйекте сағат 15:10-да қайтыс болды, бұл туралы құжатты 16 қыркүйекте Шотландияның бас тіркеушісі жасап, оған Элизабеттің қызы Анна ханшайым қол қойды. Көрермендер мен қатысушылардың саны бойынша 96 жастағы патшайымды жерлеу Ұлыбритания тарихындағы ең ірі оқиғалардың біріне айналды.

III Карлдың тәж кию күні әлі белгіленбеді. БАҚ мәліметінше, келесі жазда өтуі мүмкін. Бұған дейін король рәсімді барынша қарапайым өткізгісі келетіні туралы хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова