Желіде "Шекараны қорғауға қосымша күш тартылды" деген жалған ақпарат тарады

Желіде "Шекараны қорғауға қосымша күш тартылды" деген жалған ақпарат тарады
Фото: Иллюстрация pavlodarnews.kz сайтынан

Желіде Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараға қатысты жалған ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазнетте ҚР ҰҚК Шекара қызметінің формасындағы адамдардың суреті тарады. Онда суреттің БҚО-да түсірілгені және Ресеймен шекараны қорғау үшін қосымша күш тартылды деп жазылған. 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш