Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Астананың орталығында "7 бочек" тұрғын үй кешенінен өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт Сығанақ көшесіндегі ғимараттан шыққан. Оқиға орнына 25 өртсөндіруші мен 5 техника жұмылдырылды. 

"Ғимараттың қаптамасы және пәтердің балконы жанып кетті. Алдын ала болжам бойынша, 46 шаршы метр өртенген. Өрт сөндірушілердің көмегімен сағат 14:08-де өрт жойылды", - деді ТЖД өкілдері. 

ТЖД өкілдері мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина