Ақтауда көшеде жігітті тепкілегендер ұсталды

Ақтауда көшеде жігітті тепкілегендер ұсталды
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтау Полиция қызметкерлері көшеде жігітті тепкіге алғандардың ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу бірыңғай тізіліміне тіркелген.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері осы оқиғаға қатысушыларды ұстады. Жастар арасында ауызша жанжал болып, арты төбелеске ұласқаны анықталды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша қажет сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек