Семейге жаңа әкім тағайындалды

Семейге жаңа әкім тағайындалды
Фото: gov.kz

Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Семей мәслихатының кезектен тыс сессиясында Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев Нұрсағатовтың кандидатурасын бекітті. Нұрбол Нұрсағатов – Шығыс Қазақстан облысының тумасы, бұған дейін Абай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Әр жылдары Нұрбол Нұрсағатов ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары, Астана әкімдігі құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы директорының орынбасары, ШҚО көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы әкімдігі құрылыс басқармасының, Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш