Алматыда автобуста болған ұрлық видеоға түсіп қалды

Алматыда автобуста болған ұрлық видеоға түсіп қалды

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған екі адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Олардың бірі - 30 жастағы А. есімді ер адам №86 қоғамдық көлікте ұрлық жасағаны үшін ұсталды. Күдікті әйел адамның Samsung телефонын ұрлаған.

"Күдікті қоғамдық көліктің жолаушысына 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Ұрының қарбалас уақытта автобустарға мініп, жолаушылардың қалтасын тексеріп, қоғамдық көліктің бір басынан екінші жағына дейін жүргенін арнайы топ қызметкерлері жедел түрде анықтады", - делінген хабарламада. 

Бүгінде Жетісу аудандық Полиция басқармасы соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Одан бөлек, Алматының Наурызбай ауданында осыған ұқсас сценарий бойынша әрекет еткен тағы бір ер адам ұсталды. 40 жастағы К. есімді ер адам №15 автобуста қарт әйелдің сөмкесінен ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тергеудің қазіргі кезеңінде бұл күдіктінің осыған ұқсас үш қылмысқа қатысы бары анықталды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина