1 миллион лайк. Қазақстандық ең белсенді TikTok-кер шенеуніктер кім?

1 миллион лайк. Қазақстандық ең белсенді TikTok-кер шенеуніктер кім?

Шенеуніктер әлеуметтік желіде белсенді болып, жұмыстарын бөлісіп отырады. Кей шенеуніктің тіпті мобилографтары бар. Massaget.kz тілшісі TikTok желісінде белсенді шенеуніктерге шолу жасады. 

Қарағанды облысы Саран әкімі Ержан Темірхановтың TikTok-тағы парақшасында 989 мың оқырманы бар. Алайда өңір әкімі ешкімге тіркелмеген. Ал жалпы лайк саны - 165 мың. 

Оның Мемлекет басшысы Тоқаевтың Саран туралы айтқан видеосы 1 миллион қаралым жинаған. 

@temirkhanov_tt

Президент?Сарань

♬ Thé à la menthe (Instrumental) - La Caution

Әкім атқарылған жұмыстарды ғана салмайды, сонымен қатар, трендтен қалмауға, оқырмандарымен үнемі байланыста болуға тырысады. Ержан Темірханов тіпті тікелей эфирге шығып, қала тұрғындары қойған түрлі сауалға жауап береді. 

@temirkhanov_tt #сайлау2022 #выборы #repost ♬ оригинальный звук - полезный akim✅

Парламент мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских та бұл желіде белсенді. Оның TikTok-та 31 мыңға жуық оқырманы бар. Ал лайк саны одан 7 есе көп. Депутат бар болғаны 17 адамға тіркелген. Ол әлемдегі ең танымал TikTok-ер Хаби Леймге, Максим Рожинге және Мұхтар Тінікеевке жазылған. 

Мәжіліс депутаты парақшасын тек қазақ тілінде жүргізеді. Ал жары туралы түсірген видеосы 400 мыңнан аса қаралым жинаған.

@shipovskikh.g Ответ пользователю @users9oss6ao3e Жұбайымның ұлты туралы!!! #арғын #қостанай #баяанауыл #мадиар ♬ оригинальный звук - Шиповских Геннадий

Геннадий Шиповских TikTok-ты өзі түсіріп қана қоймайды. Сондай-ақ, TikTok House-тарға (TikTok-ерлер бірге тұратын үй - еск.) барып, жастармен кездесіп, коллаборация жасайды. 

Мәжіліс депутаты TikTok-тағы трендтерден қалмауға тырысады. Ол стрим жасап, тікелей эфирге кіріп, оқырмандарының сұрақтарына уақытылы жауап беріп отырады. 

@shipovskikh.g Tik tok house el birligi @EL BIRLIGI KST?? @КИІЗ ХАУС?? ♬ I say disco you say parti - ♫KPOP LOVER♫

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов TikTok әлеуметтік желісіне тіркелген. Оның кейінгі видеосы кеше жарияланған. Министрдің 19 мың оқырманы бар, ал лайк саны - 145 мың.

@askhat_aimagambetov #ҚазақстанМұғалімдері #qazaqstan?? ♬ оригинальный звук - Aimagambetov

Бұл парақшада көбіне Оқу-ағарту министрлігінің ресми парақшасында жарияланған видеолар репост жасалады. 

Парламент Мәжілісінің депутаты Мәди Ахмет те TikTok-парақшасын қолға алып жатыр. Оның алғаш видеосы 176 мың қаралым жинаған. Қазір оқырман саны 3 мыңнан, лайк саны 20 мыңнан асып кеткен. 

@akhmetov.live Сәлем, достар! Менің ресми парақшама қош келдіңіздер! Сәттілік✌? #МадиАхметов ♬ оригинальный звук - madi_akhmet_resmi

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек