Қызмет сапасы ұнамаса ақшаны қалай қайтаруға болады?

Қызмет сапасы ұнамаса ақшаны қалай қайтаруға болады?
Фото: Pixabay.com

Сатушы өз міндетін, ал тұтынушы өз құқығын білсе, нарық қатынасы өркендейді. Әйтпесе, сатып алушыға қатысты құқықтық диссонанс дау мен шағымдар пайда болуы мүмкін. Алайда тұтынушы тауарға төлеп қойса, бірақ оны тұтынбаса не істеу керек? Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті өкілдері жауап берді.

Қызмет сапасы ұнамаса не істеу керек?

"In Fitness" ЖШС фитнес-орталығында жалпы құны 980 мың теңге болатын жылдық абонементтерді сатып алған үш астаналық фитнес орталық басшлығына шағымданды. Олар жаттығуға бір рет қатысқаннан кейін қызметке наразы болды.

Спорт әуесқойлары келісімшартты бұзып, төлемнен келген бір күнін шегеріп, қалған соманы қайтаруды талап еткен. Фитнес әкімшілігі тұтынушылар талап еткен сомадан аз ақша қайтаруға келіскен. Тұтынушылар бұл шешіммен келіспей, сотқа арыз берген.

Алматы тұрғыны да осындай жағдайға тап болған. Алматылық әйел жаттығу залына абонемент сатып алғанымен, бір рет те бармаған. Фитнес әкімшілігі оған ақшаны қайтарудан бас тартқан. Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті өкілдері әйелге жазбаша арыз жазуға көмектесті. Кейін әйелге 49 мың теңге қайтарылған.

Тұтынушылық құқық бұзылған жағдайда шағымды "E-tutynushy" онлайн-сервисінің көмегімен беруге болады. Комитет мамандары азаматтарға тегін "жедел желі" телефондары бойынша кеңес береді: 8-7172-74-98-32, 8-7172-74-98-36.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек