"Саясаттағы құдалар". БАҚ Қырғыз шенеуніктерінің құдандасуы туралы сюжет жасады

"Саясаттағы құдалар". БАҚ Қырғыз шенеуніктерінің құдандасуы туралы сюжет жасады
Фото: Видео кадры: Sputnik Kyrgyzstan

Қырғызстандық БАҚ Sputnik Kyrgyzstan елдегі саясаттағы құдалар туралы сюжет дайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сюжет TikTok-та пайда болды. Басылым мәліметінше, Оштың экс-мэрі Мелис Мырзакматов қызын ұзатқан. Экс-мэрдің қызы Қырғызстанның бұрынғы ішкі істер министрі Мелис Турганбаевтың келіні болған.  

Мелис Мырзакматов тағы бір саясаткермен құда. Мырзакматовтың ұлы Нұрлан Мырзакматов 2009 жылы президенттік аппараттың бөлім басшысы Искандер Гайпкуловтың қызы Гүлмира Гайпкуловаға үйленген. 

Ал былтыр Қырғызстанның министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровтың Мақсат есімді ұлы экс-спикер Асылбек Жээнбековтің Бегімай есімді қызына үйленген. Құдалыққа экс-президент Сооронбай Жээнбеков те келген. 

@sputnik.kyrgyzstan

♬ оригинальный звук - Sputnik Кыргызстан

Жээнбековтердің саясатта тағы бір құдасы бар. Экс-президент Сооронбай Жээнбековтің жалғыз қызы Бақтыгүл Шарипова экс-депутат Алиярбек Абжалиевтің ұлы Атабек Абжалиевке тұрмысқа шыққан. 

Саясаткер Азимбек Бекназаров пен Мықтыбек Абдулдаев та құда. Олардың балалары Эрнис Бекназаров пен Мээрим Абдылдаева 2007 жылы бас қосқан. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина