Қазақстаннан Украина қарулы күштерінің ұшқышсыз аппараты ұшырылғаны рас па?

Қазақстаннан Украина қарулы күштерінің ұшқышсыз аппараты ұшырылғаны рас па?
Фото: stopfake.kz

Қорғаныс министрлігі өкілі ел аумағынан Украина қарулы күштерінің ұшқышсыз аппараты ұшырылғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Ресейлік БАҚ-та Қазақстан аумағынан Украина қарулы күштеріне тиесілі ұшқышсыз аппараттың (ҰҰА) ұшырылғаны туралы ақпарат жарияланды. Оның мақсаты ресейлік аэродромдар болған екен. ҚР Қорғаныс министрлігі өкілі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, таралған ақпарат - жалған.

"Московский Комсомолец" порталында жарияланған Қазақстаннан ресейлік әуеайлақтарға ҰҰА ұшырылғаны туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, бұл ҰҰА-лар ҚР Қарулы Күштерінде мүлдем болмаған", - деді министрлік өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова