Қазақстанда бір тәулікте 218 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда бір тәулікте 218 адам коронавирус жұқтырған
Фото: Тұрар Қазанғапов

Кейінгі тәулікте Қазақстанда 218 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 725 адам коронавирус инфекциясынан (–1 510+ және 215 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 462 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 7 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек