2025 жылға қарай ел халқы чиптелетіні рас па?

2025 жылға қарай ел халқы чиптелетіні рас па?
Фото: elements.envato.com

Әлеуметтік желілерде тараған роликте ер адам 2025 жылға қарай ел халқы толық чиптелетінін айтады. Чип адамдарға COVID-19-ға қарсы вакцинамен бірге салынады екен. Мұның бәрі шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Басылым мәліметінше, видеодағы ер адам - орыс педагогі, публицист және дін маманы Александр Осипов. Ол әртүрлі телешоу мен ток-шоуға ұдайы қатысып, кейде ғылымға қарсы, негізсіз мәлімдемелер жасайды. Олардың бірі - "ел" халқын чиптеу туралы айтқан сөзі. Сонымен қатар, оның Қазнетте тараған сөзінің видеосы қысқарған түрде және жазбасыз таралып жатыр. Яғни, оның нақты қай ел туралы айтып жатқанын бұл үзіндіден түсіну мүмкін емес.

Бірақ Желіде оның сөзінің толық нұсқасы бар. Ол онда өз сөздерінің "дәлелі" ретінде Ресей Федерациясы Энергетика министрлігінің 2007 жылғы 8 шілдедегі №311 бұйрығын келтіреді. Онда адамдарды жаппай чиптеу жоспары көрсетілген екен. Мұндай бұйрық бар. Ол "Ресейдің электрон индустриясын дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясын бекіту туралы" деп аталады. Құжаттың бір бөлігі жаңа технологияларды және басқа да инновацияларды дамыту перспективаларына арналған. Алайда бұйрықта адамдарды чиптеу туралы айтылмайды.

Ресей Федерациясы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы №20-р өкімінде адамдарға электрон құрылғыларды енгізу туралы айтылмаған, онда елдің электрон өнеркәсібін дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясы бекітілген. Бұл Александр Осиповтың сөздерін жоққа шығарады. Бұл құжатта халықты чиптеу туралы ештеңе жазылмаған.

COVID-19 қарсы вакцинада чип бар деген тезис те жалған. Бұл - 2000 жылдардың басында, доңыз тұмауы пандемиясы кезінде шыққан қастандық теориясы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова