Ақтөбеде жолаушыдан соққы алған автобус қызметкері 1 миллион теңге өтемақы талап етті

Ақтөбеде жолаушыдан соққы алған автобус қызметкері 1 миллион теңге өтемақы талап етті
Фото: "Диапазон"

Ақтөбеде жолаушыдан соққы көрген автобус бақылаушысы 1 миллион теңге талап еткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, оқиға 2021 жылы болған. Қаладағы №24 автобусында бақылаушы мен жолаушы сөзге келісе алмай қалған. Осылайша, ер адам бақылаушы әйелді ұрып тастаған. Жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 43 мың теңге айыппұл төледі.  

Ал былтыр жыл соңында бақылаушы жолаушыны сотқа беріп, 1 миллион теңге өтемақы талап еткен. Бақылаушының сөзінше, бұл оқиғадан кейін ол стреске түсіп, денсаулығы нашарлағанын және өз-өзіне ұзақ уақыттан кейін бір-ақ келгенін айтқан. 

Ал жолаушы ер адам оны мойындамаған. Оның сөзінше, өзі де зейнеткер және екінші топтағы мүгедек екен. 

23 қаңтарда сот бақылаушының өтінішін қабылдап, жолаушыны 150 мың теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина