Орал тұрғыны таныс досын өлтіріп, полицияға өзі хабарлады

Орал тұрғыны таныс досын өлтіріп, полицияға өзі хабарлады
Фото: polisia.kz

Орал тұрғыны танысын өлтіріп, полицияға өзі хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің Telegram-каналындағы ақпаратқа қарағанда, қаңтардың 23-інен 24-іне қараған түні 1966 және 1970 жылы туған екі таныс ішімдік ішіп, кейін 1966 жылғы тұрғынның үйінде жалғастырмақшы болған. Екеуі жол-жөнекей сөзге келіспей, үйдің алдында екеуі жұдырықтасып, 56 жастағы тұрғынға дене жарақатын салған.

Жарақат алып, жерге құлаған кісі сол жерде мерт болған. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Үйдің айналасы темір қақпамен қоршалғандықтан, аула ішінде 2 күн жатып қалған мәйітті ешкім байқамаған.

26 қаңтарда күдіктінің өзі полиция қызметкерлеріне хабарласып, таныс досының ессіз жатқанын айтқан. Полицейлер оқиға орнын тексеріп, айғақтарды жинап, кісі өліміне полицейлерді шақырған танысының қатысы бар екенін анықтап, қолға түсірді.

Қазіргі уақытта 1970 жылы туған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан