Ақтауда үстіне диван құлаған кісінің жағдайы қалай?

Ақтауда үстіне диван құлаған кісінің жағдайы қалай?
Фото: видео скрині

Дәрігерлер Ақтауда үстіне жиhаз түскен ер адамның денсаулық жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық аурухананың хабарына қарағанда, науқастың жағдайы әлі де ауыр. Ота жасау үшін бүгін Астанадан дәрігерлер келеді.

"Науқастың жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер қажеттінің бәрін қабылдайды", - деді облыстық ауруханадағылар.

Еске салайық, бұған дейін аптаның басында 11-шағын ауданда №41 үйден төменге жиһаз түскен. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Диван өтіп бара жатқан адамға түскен. Ер кісінің мойын омыртқасы сынған, Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан