Шымкентте 17 жастағы жасөспірім 9-қабаттан секіріп, мерт болды

Шымкентте 17 жастағы жасөспірім 9-қабаттан секіріп, мерт болды
Фото: Оtyrar.kz

Шымкентте 17 жастағы бала тоғызыншы қабаттан секіріп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 16 наурызда сағат 15:35-те Қонаев даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.

Басылым мәліметінше, анасы 17 жастағы жасөспіріммен бірге баланы емшіге көрсету үшін Атыраудан Шымкентке келген.

Оtyrar.kz

Дәрігерлер баланың өлімін тіркеп, полицей оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала дерек бойынша, 17 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек