Қазақстанның 15 өңірінде сайлау учаскелері жабылды

Қазақстанның 15 өңірінде сайлау учаскелері жабылды
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның 15 өңірінде мәжіліс және мәслихат сайлауы аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның 20 өңірінің 15-інде мәжіліс пен мәслихат сайлауында дауыс беру аяқталды. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру жалғасады. Бұл өңірлерде сайлау учаскелері Астана уақыты бойынша 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Қазақстанда 18:10-дағы жағдай бойынша, сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында, ал ең азы Алматыда дауыс берген. Қазақстандықтардың 53,11 пайызы мәжіліс және мәслихат сайлауына барған. 

Ал 19:00-дегі жағдай бойынша, бүгін сағат 19:00-дегі жағдай бойынша (19 наурыз) шетелде 11 учаскелік сайлау комиссиясының (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта және Ханой) жұмысын аяқтады және 5 071-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл - 41,8 пайыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан