Мәжіліс және мәслихат сайлауы: дауыс беру бойынша Қызылорда облысы көш бастады

Мәжіліс және мәслихат сайлауы: дауыс беру бойынша Қызылорда облысы көш бастады
Фото: Tengrinews.kz

19 наурыздағы мәжіліс және мәслихат сайлауында қазақстандықтардың 54,09 пайызы дауыс берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 20:10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,09 пайызы бюллетеньдер (6 509 695 адам) алды.

Оның ішінде:

  • Абай облысы бойынша – 57,02 пайыз;
  • Ақмола облысы бойынша – 60,01 пайыз;
  • Ақтөбе облысы бойынша – 57,45 пайыз;
  • Алматы облысы бойынша – 60,03 пайыз;
  • Атырау облысы бойынша – 50,22 пайыз;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,01 пайыз;
  • Жамбыл облысы бойынша – 65,21 пайыз;
  • Жетісу облысы бойынша – 55,32 пайыз;
  • Қарағанды облысы бойынша – 59,48 пайыз;
  • Қостанай облысы бойынша – 65,10 пайыз;
  • Қызылорда облысы бойынша – 66,46 пайыз;
  • Маңғыстау облысы бойынша – 54,08 пайыз;
  • Павлодар облысы бойынша – 58,68 пайыз;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25 пайыз;
  • Түркістан облысы бойынша – 53,01 пайыз;
  • Ұлытау облысы бойынша – 58,99 пайыз;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15 пайыз;
  • Астана бойынша – 42,91 пайыз;
  • Алматы бойынша – 25,82 пайыз;
  • Шымкент бойынша – 45,46 пайыз;

Қазақстанның 20 өңірінің 15-інде мәжіліс пен мәслихат сайлауында дауыс беру аяқталды. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру жалғасады. Бұл өңірлерде сайлау учаскелері Астана уақыты бойынша 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

19:00-дегі жағдай бойынша, бүгін сағат 19:00-дегі жағдай бойынша (19 наурыз) шетелде 11 учаскелік сайлау комиссиясының (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта және Ханой) жұмысын аяқтады және 5 071-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл - 41,8 пайыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан