Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау аяқталды

Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау аяқталды
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс беру аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның 20 өңірінің 15-інде мәжіліс пен мәслихат сайлауында дауыс беру Астана уақытымен 20:00-де аяқталды.

Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы сайлау учаскелері Астана уақыты бойынша 21:00-ге дейін жұмыс істеді.

2023 жылғы 19 наурызда сағат 20:10-дағы жағдай бойынша, мәжіліс және мәслихат сайлауында 6 509 695 адам (54,09 пайыз) дауыс берді.

Дауыс беру бойынша Қызылорда облысы (66,46 пайыз) көш бастады. Ал ең аз дауысты Алматы тұрғындары (25,82 пайыз) берген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан