Қазақстандықтардың 54,19 пайызы мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді

Қазақстандықтардың 54,19 пайызы мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді
Фото: Tengrinews.kz

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2023 жылғы 19 наурызда Астана уақытымен сағат 22:10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19% бюллетеньдер алды.

Оның ішінде:

  • Абай облысы бойынша – 57,02 пайыз;
  • Ақмола облысы бойынша – 60,01 пайыз;
  • Ақтөбе облысы бойынша – 58,00 пайыз;
  • Алматы облысы бойынша – 60,03 пайыз;
  • Атырау облысы бойынша – 51,23 пайыз;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20 пайыз;
  • Жамбыл облысы бойынша – 65,21 пайыз;
  • Жетісу облысы бойынша – 55,32 пайыз;
  • Қарағанды облысы бойынша – 59,48 пайыз;
  • Қостанай облысы бойынша – 65,10 пайыз;
  •  Қызылорда облысы бойынша – 67,21 пайыз;
  •  Маңғыстау облысы бойынша – 54,10 пайыз;
  • Павлодар облысы бойынша – 58,68 пайыз;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25 пайыз;
  • Түркістан облысы бойынша – 53,01 пайыз;
  • Ұлытау облысы бойынша – 58,99 пайыз;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15 пайыз;
  • Астана бойынша – 42,91 пайыз;
  • Алматы бойынша – 25,82 пайыз;
  • Шымкент бойынша – 45,46 пайыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан