Елімізде сайлау күні 609 бала туған

Елімізде сайлау күні 609 бала туған
Фото: pixabay.com

Қазақстанда бүгін, 19 наурызда мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау күні 609 бала дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оның 312-і ұл, 297-і қыз және бір егіз.

"Мемлекеттің одан әрі дамуы үшін осындай тағдырлы және маңызды күнде дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз! Бүгін республиканың стационарларында емделіп жатқан пациенттер үшін емдеуге жатқызу орны бойынша дауыс беру үшін жағдайлар ұйымдастырылды", - деп жазды ведомство.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан