Нұрлан имам Жанат Бақытты "адасқан" деп атады

Нұрлан имам Жанат Бақытты "адасқан" деп атады
Фото: instagram.com/nurlanimam.kz

Имам Нұрлан Байжігітұлы журналист Жанат Бақыттың айтқандарына қатысты пікірін айтты. Ол бұл туралы әлеуметтік желілердегі парақшаларында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жанат адасты ма?
Қазақ адасты ма?!

Ақиқаттың бәрін түсінікті тілмен жеткізу - біздің міндет. Қасық қаны қалғанша ҚАЗАҚ деп өткен баһадүр БАТЫРЛАРДЫ қатын бейнесіне енгізген адам қазақтың рухын қалай көтермек?!

Алланың жолын Абай да айтып кеткен: "Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ЕШ УАҚЫТТА жалған болмас!"

Небір қилы заманның өз арандатушылары болған. Мұндай сөзге кімдер ереді: сыныққа сылтау таппай, иманы әлсіз, дінінен бекем таппай белі бусап жүргендер ғана. Сондықтан 1 қаңқу сөз естісеңіз, 100 есе иманыңызды арттыруға асыға түсіңіз", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нұрлан ұстаз (@nurlanimam.kz)

Ол сонымен бірге Мұхаммед (с.ғ.с) соңғы пайғамбар екенін, ал пайғамбар, елші, ескертуші ретінде сөйлеп, елдің ішінде атын шығарып жүргендерді "толыққанды адасқан" деп атады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб-мүфти Ершат Оңғар журналист Жанат Бақыттың әлеуметтік желілердегі сөзіне қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Ол сонымен бірге көпшілікті журналистің сөзіне ермеуге, ел ішінде арандатушылық тудырмауға үндеді.

Журналист Жанат Бақыт бұған дейін әлеуметтік желілердегі парақшаларында "Алланың миссиясы аяқталғанын, енді оны Жаратушы деп айту керегін және оны қабылдау қажет екенін" айтқан еді. Оның бұл мәлімдемелері әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, көпшілігі үн қатып жатты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан