Біссіміллә, тақия, қолын қоюды ұмытты. Мәжіліс депутаттары ант беру кезінде күтпеген жайттар болды

Біссіміллә, тақия, қолын қоюды ұмытты. Мәжіліс депутаттары ант беру кезінде күтпеген жайттар болды
Фото: Видеодан алынған кадр

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында жаңадан сайланған депутаттар ант берді. Massaget.kz тілшісі ант беру рәсімінде болған қызықтарды жинап шықты. 

Айтыскер ақын Ринат Заитов, адвокат Абзал Құспан және Ұлытау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерболат Сатыбалдин антын "бісміллә" деп бастады. 

Блогер Дәулет Мұқаев басына тақия киіп шыққан жалғыз депутат болды. Және оның ант беру кезіндегі сөйлеу мәнері көпшілікті тәнті етті. Әлеуметтік желіде оған бағытталған пікірлерден соны аңғардық.

Ал Айна Мүсірәлімова ант берер алдында Конституцияға қолын қойып айтуды ұмытты, кейін есіне алған соң, антын қайта бастады. 

Online: Тоқаев Парламентте сөз сөйледі

Айта кетейік, бүгін 61 депутат қазақ тілінде, 3 депутат орыс тілінде ант берді. 

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында Парламент немен айналысуы керегін түсіндірген еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек