Актриса Әсел Сәдуақасованың оқырмандары оның сүйіктісін танып қойды

Актриса Әсел Сәдуақасованың оқырмандары оның сүйіктісін танып қойды
Фото: instagram.com/asselsadvakassova

Қазақстандық актриса әрі продюсер, қазір Балиде тұратын Әсел Сәдуақасова жеке өміріндегі жаңалығын бөлісті. Актрисаның Instagram-дағы стористеріне қарағанда, оның сүйіктісі - Мағжан Тілеуханов, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Актриса жеке өмірін әрдайым құпия ұстап келген, бірақ бұл жолы сүйіктісімен бірге түскен фотоларын бөлісіп жатыр.

"Ең басты мәлімдеме - онымен түскен суретті жариялау", - деп жазды ол Instagram-дағы стористерінің бірінде.

Фото артқы жақтан түсірілгеніне қарамастан, Әсел Сәдуақасованың оқырмандары оның сүйіктісін бірден танып қойды.

Бұл Мағжан Тілеуханов болып шықты, ол актрисадан 7 жас кіші. Мағжан Тілеухановтың өзі маркетолог, блогер Арман Юсуповқа тиесілі "Поток" жобасының негізін қалаушы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тлеуханов Мағжан (@tleuhanov)

Олар кейінірек бірге екенін дәлелдеп, бірдей сторис салды.

Актрисаның өзі қазір рухани дамуға мен демалысқа көп уақыт бөліп, трансформациялық кезеңде өмір сүріп жатқанын айтқан. Сонымен бірге Әсел мұхиттың жанында тұруды ылғи армандағанын, сол себепті қазір Бали аралында екенін айтқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz