Қазақстанның 13 өңірінде екпіні күшті жел соғады

Қазақстанның 13 өңірінде екпіні күшті жел соғады
Фото: Тengrinews.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 30 наурызда республиканың 13 өңірінде екпіні күшті жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

Астанада солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. 

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. 

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан