"Сағат қысқарады". Ғани Бейсембаев 25 мамырды қайтарудың тиімсіз тұстарын айтты

"Сағат қысқарады". Ғани Бейсембаев 25 мамырды қайтарудың тиімсіз тұстарын айтты
Фото: ©Tengrinews.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 25 мамырды қайтарудың тиімсіз тұстарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Үкіметтің кулуарында бөлісті. Оның айтуынша, соңғы қоңырау күнін 25 мамырға қайтару тиімсіз.

"Бұл мәселе бойынша, бірінші кезекте, мамандар шешім қабылдауы керек. Өйткені біз бірден 25 мамырды қайтара алмаймыз. Бұл - нақты мемлекеттік стандарттың бағдарламасы. Оны бірден қалпына келтірсек, ол басқа да өзгерістерге әкеледі. Мәселен, 6 күндік оқу жоспарына және оқу сағаттарының қысқаруына алып келуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселе жай ғана қайтара салатын дүние емес. Бастысы, дұрыс сараптамадан өтуі керек", - деді Ғани Бейсембаев.

Еске салайық, бұған дейін оқу-ағарту министрі оқу жылының неге ұзартылғанын түсіндірген еді.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек