Павлодарда екі баланың анасы жарты жылдан бері іздестіріліп жатыр

Павлодарда екі баланың анасы жарты жылдан бері іздестіріліп жатыр
Фото: instagram/poiskoviki_pvl_vita

Павлодарда екі баланың анасы жарты жылдан бері табылмай жатыр. 29 жастағы Арайлым Хаджаева Мәшһүр Жүсіп көшесінде орналасқан үйінен шығып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

VITA волонтерлерінің мәліметінше, сол кезден бері қала тұрғынынан еш хабар болмаған және байланысқа шықпаған.

Арайлым Хаджаеваның бойы – 160 сантиметр, көзі қоңыр, шашы қара. Сол жақ қолында тыртығы бар. 

Оның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат білетіндер 102 қызметіне немесе 8 (747)615-55-63 Катерина, 8 (777)3348201 Светлана нөмірлеріне хабарласа алады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан