Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы Алматыда өткен турнирде жеңіске жетті

Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы Алматыда өткен турнирде жеңіске жетті
Фото: nstagram.com/naizadai/

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Алматыда өткен Naiza 51 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Сора Рахмонова ресейлік Валерия Карыгинамен кездесті. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтіп, екінші раундта аяқталды, сол кезде Рахмонова қарсыласына үлкен соққылар жасады, кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Спорт Шрёдингера (@sportilinet)

Карыгина осы жеңілісіне дейін қатарынан үш рет жеңіске жеткен. Ал Рахмонова осымен төрінші рет жеңіске жетіп, бұған дейін бір рет жеңілген еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от nai⚡️adai (@naizadai)

Cора Рахмонова жекпе-жектен кейін бірден анасына қоңырау шалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от nai⚡️adai (@naizadai)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан