Ақмола облысында 10 жастағы оқушы жаттығу кезінде қайтыс болды

Ақмола облысында 10 жастағы оқушы жаттығу кезінде қайтыс болды
Фото: pixabay.com

Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылында 10 жастағы оқушы жаттығу кезінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу басталды.

"Алдын ала анықталғандай, Целиноград облысы Талапкер ауылында 10 жасар бала арнайы оқу орталығында жаттығу кезінде қайтыс болған. Қазіргі уақытта өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомство.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан