"Неге жылап отырмын, еркек басыммен?" Соңғы қоңырауда көз жасына ерік берген мұғалім Қазнетті елжіретті

"Неге жылап отырмын, еркек басыммен?" Соңғы қоңырауда көз жасына ерік берген мұғалім Қазнетті елжіретті
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде соңғы қоңырау салтанатында жылаған мұғалімнің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазнеттігілер педагог оқушыларды қимай жылап жатыр деп топшылаған. Кадрлардан оның әрбір оқушы ұстаған ленталарды қиып жатқаны көрінеді.

"Ұстаз оқушыларын қимай жылап қалды", - делінген видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Әр қазағым жалғызым ?? (@shyndykz)

Желі қолданушылары ұстазға ақ тілектерін жаудырып, нағыз мұғалім екенін жазған.

"Он бір жыл бойы ыстық-суығына төзген ұстаздың еңбегі орасан. Әрине, қимайды", "Мен неге жылап отырмын еркек басыммен?", "Артық сөз жазбаңыздаршы өтінемін. Қимастық сезім ғой, көңілі босап жатыр. Ол да балдарындай болып кетеді. Ұядан ұшырайын деп жатыр алдағы үлкен өмірге. Апайлары жақсы адам болып тұр ғой", "Бағып қаққан балапандары қанаттанып ұяларынан ұшып барады, жолдары болсын сізге мың алғыс", "Ұстазы керемет, қошеметтке лайықсыз!!!" - дейді әлеуметтік желідегілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова