Тоқаев Орталық Азия мен ЕО ынтымақтастығы туралы айтты

Тоқаев Орталық Азия мен ЕО ынтымақтастығы туралы айтты
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мен ЕО ынтымақтастығы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.  

"Орталық Азия мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығының келешегі өте зор. Өткен жылдың қорытындысы бойынша еуропалық инвестициялар ағыны 23 пайызға артып, 12,5 миллиард доллар болды. Қазақстанға 30 жыл ішінде тартылған 350 миллиард долларлық тікелей шетелдік инвестициялардың жартысына жуығы еуропалық тектес. Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі, оның үлесіне біздің сыртқы саудамыздың 40 пайыздан астамы тиесілі.

Өткен жылы Қазақстанның ЕО елдерімен өзара тауар айналымының көлемі 40 миллиард долларды құрады. Біздің 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 миллиард долларға жеткізуге барлық мүмкіндігіміз бар деп санаймын", - дейді Президент кездесуде. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина