Семейде мектеп бітірген түлектер жол ережесін өрескел бұзған

Семейде мектеп бітірген түлектер жол ережесін өрескел бұзған

Семейде мектеп оқушылары көпірде жол ережесін өрескел бұзған. Олар көпірден өтіп бара жатып, бастарын көліктің шатыры мен терезесінен шығарып жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілердің мониторингі барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған видеоны анықтаған. Жүргізуші мен жолаушылар көлік жүргізу кезінде көліктің терезелері мен люктеріне шығып кетті. Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл дерек бойынша бірден бірнеше әкімшілік іс жасалды.

"Toyota көлік құралының 19 жастағы жүргізушісіне қатысты екі әкімшілік хаттама жасалды: ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша - жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін және ӘҚБтК 612-бабының 2-бөлігі бойынша - көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамды басқарғаны үшін", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, полицейлердің мәліметінше, 20 жастағы және 19 жастағы жолаушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігі бойынша жаяу жүргіншілер мен жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі ережелерінің талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина