Алматыда автокөлік жүріп бара жатып өртенген

Алматыда автокөлік жүріп бара жатып өртенген

Алматыда Toyota Land Cruiser автокөлігі жүріп бара жатып өртенген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, оқиға 3 маусымға қараған түні әл-Фараби мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында болған. 

"2003 жылы шыққан Toyota Land Cruiser 6 шаршы метр аумақта өртенген. Өрт 2:57-де оқшауланып, 3:03-те сөндірілді. Өрттің алдын-ала себебі- газ-ауа қоспасының жануы. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мен жолаушы салоннан кетіп үлгерген, олар ауруханаға жатқызудан бас тартқан", - деді ТЖД өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина