Мемлекеттік рәміздер күніне арналған телемарафон өтіп жатыр

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған телемарафон өтіп жатыр
Фото: Tengrinews.kz

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған телемарафон өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Астана қаласының әкімдігі Мемлекеттік рәміздер күніне орай "Ел рәміздері - еркіндік нышаны" телемарафонын бастады.

Телемарафонның бағдарламалық шаралары нақты уақыт режимінде өтіп, Астана әкімдігінің Youtube арнасында сағат 11:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жалғасады.

Марафонға мемлекет және қоғам қайраткерлері, еліміздің танымал тұлғалары қатысуда.
Телемарафон барысында көрермендер қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсеметов, актер Тілектес Мейрамов, жазушы Қуаныш Жиенбай және басқа да танымал қазақстандықтардың сұхбатын тамашалай алады.

Сондай-ақ, марафон аясында еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы ең қызықты деректер туралы бейнероликтер ұсынылады.

Телемарафонды мына сілтемені басу арқылы көре аласыздар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина